Динара есімді қазақ қызы ел алдында сүйген жігітіне сөз айтты. Бұл көрініс тікелей эфирде өтті. 

Бұл туралы «Өз ойым» бағдарламасында айтылды.

29 жастағы Мұса есімді жігіт бағдарламаға қатысты. Ол өзіне қыздардың бірінші болып сөз айтатынын баяндады. Алайда көңілі қаламаған қыздармен сөз байласпайтынын кесіп айтты. Өзі өмірде құлай сүйген қызының болғанын, алайда оның өз  сезімін қабыл алмағанын мойындады.

Осы ретте бағдарламаға Мұсаның бұрынғы қызметтес қызы келді. Динара есімді бойжеткеннің жасы 22-де. Ол Мұсамен қалай танысқанын, қандай қатынаста болғанын айтты.

 

 

«Мен 20 жасымда Мұсамен әріптес болдым. Ол кезде заң саласына тәжірибе жинау үшін келген маман едім. Мұсамен танысып, ұната бастадым. Киноға шақырдым. Бірақ бармадық. Кейін де сезімімді білдіргендей болып жүрдім», — дейді бойжеткен.

Динара осы сәтті пайдалана отырып, жігітке сезімін білдірді. Мұсаға сөз айтып, қыз-жігіт болып жүруді сұрады.

Мұса бойжеткенге нақты жауап айтқан жоқ. «Бағдарламадан соң асықпай сөйлесейік» деп қысқа қайырды.

Қыздың өзіне сөз салатынын күтпесе керек жігіт «ыңғайсыз жағдай болды ғой» дей берді бағдарлама барысында.

Бойжеткеннің әрекетін бағдарлама көрермендері құптап жатты. Ал, желі қолданушылары мұны ұят деп пікір білдірді.

«Қазір 21 ғасырда бәрі жарасады. Қыздың мұндай қадамы батылдық. Әркім өз сезімін білдіруге құқылы», — деді көрермендер.

«Қыздың ел алдына шығып жігітке сөз айтатынындай сонша не болды?», «Қыз баласы ардан безген бе?», «Жігіттің ұнатпайтыны көрініп тұр ғой», — деп жазды желі қолданушылары.