Шотландияның Глазго қаласының тұрығы өзінің жүкті екенін босануына 45 минут қалғанда бір-ақ білген.

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

18 жастағы Эммалуиз Леггэйт тұңғышын босанғаннан кейін жүктілікке қарсы дәрілерді қабылдап, екінші рет бала көтеруді жоспарламаған. Алайда 2018 жылдың 17 шілдесі күні таңертең оның іші аяқ астынан дөңгеленіп кетіпті. Алайда бір күн бұрын ғана іші болмапты. Таңғалған әйел бірден жедел жәрдем шақырған. Ал арада 45 минут өткеннен кейін ол екінші сәбиін өмірге әкелді. Оған Сиара деген есім берген.

Екі баланың анасының сөзінше, бұған дейін ол аздап толып кетіп, арықтамақ болып жүрген. Алайда ішінің дөңгеленгенін байқамапты.

Әйел өзінің жүкті екенін босануына 45 минут қалғанда бір-ақ білген

«Жүктілікті анықтауға арналған тест жасамадым. Ешқандай белгілері болған жоқ. Дәрігерлер неліктен ішім шықпағанын түсіндіре алмады. Олар бала арқа аумағында жатқан деп қана топшылады. Мұндай жағдай жиі болып тұрады екен», — дейді Эммалуиз.

Леггэйт екінші баласын босанғаннан кейін жатырына спираль салдырып, тұрақты түрде жүктілікті анықтауға арналған тест жасап тұрады.

Бөлісу: