Туған күнге тілек
IZDEU.INFO

Туған күнге тілек

Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын! Туған күнге тілек


Біздің өміріміз үлкен өзен іспетті. Сіздің қайығыңыздың қиындықтардан жеңіл өтіп, махаббат иірімінде басқаруын жоғалтпай, бақыт сарқырамасына жетуін тілеймін!


Туған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!


Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!


Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!


Туған күніңмен! Кеудеңдегі лүпілдеген моторың ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса!Өмірің ой-шұңқыр мен оқапсыз, кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өміріңнің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!


Туған күніңізбен! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!


Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн – біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!


Туған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін!

Ең жақсы туған күнге арналған тілектер

Уақыт — ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.


Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт. Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет! Туған күнге арналған тілектер


Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!


Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа — гүл, келбетіңе — нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа — жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа — амандық, денiңе — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың — асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың — гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!

Ілмек сөздер: туған күнге тілек, туылған күнге арналған тілек, досыма тілек, ағама тілек, анамның туған күніне тілек, туылған күнмен құтықтау, туған күн тілек

Бөлісу: