1 жас туған күнге арналған тілектер
IZDEU.INFO

1 жас — туған күнге арналған тілектер

Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,
Әміренің әнін бергей.
Сәкеннің сәнін бергей,
Жүсіптің дидарын бергей,
Мұхамбеттің иманын бергей.
Ләйім Қыдырдың назарында,
Бақыттың базарында жүрсін!
1 жас туған күнге арналған тілектер


Құтты болсын туған күн,
Кіндігіңді кесіп ап,
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен
Алғаш рет жуған күн.
Орап алып жөргекке,
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн.
Әкең келіп төбеңнен
Тебірене төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың
Көрімдігін берген күн.
«Кімге тартты екен?» деп
Бетіңді ашып берген күн.
Туған күнің жыл сайын
Жүз жыл бойы тойлансын.
Өсіп үрім-бұтағың,
Арманыңа жете бер,
Өмір шексіз көк теңіз,
Тоқтамастан кеше бер.


Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деген атқа лайық болсын!


«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, балаңыздың көңілі үнемі  жақсылықтан жадырасын!


Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз!!!


Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын!!!


«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата — әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.


Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!


Қасқырдың қайратын,
арыстанның айбатын,
жылқының сақтығын,
бүркіттің қырағылығын тілеймін!!!


Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін!!!


Қажымас қайрат,
Талмас талап,
Мұқалмас жігер,
Қайтпас қажыр тілеймін!!!


Ал егер ұл болса:

Туғанда қуантқан ұлым мынау,
Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,
Әкеңде арман бар ма, көрсе егер
Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!
Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,
Келешекте бір маманның иесі бол.
Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,
Дүниеден алатын сыбағаң мол!!!


Ұқсас тілектер:

1 жас туған күнге арналған тілектер

Бөлісу: