Туған күнге балаға тілек

Балаларға арналған тілектер, өлеңдер және қыз балаға мен ұл баланың туған күніне арналған тілектер жиынтығын ұсынамыз!!! Туған күнге балаға тілек

Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деген атқа лайық болсын!


«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, балаңыздың көңілі үнемі  жақсылықтан жадырасын!


Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз!!!


Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын!!!


«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата — әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін. Туған күнге балаға тілек


Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!


Қасқырдың қайратын,
арыстанның айбатын,
жылқының сақтығын,
бүркіттің қырағылығын тілеймін!!!


Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін!!!


«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, балаңыздың көңілі үнемі  жақсылықтан жадырасын!


Қажымас қайрат,
Талмас талап,
Мұқалмас жігер,
Қайтпас қажыр тілеймін!!!


Ал егер ұл болса:

Туғанда қуантқан ұлым мынау,
Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,
Әкеңде арман бар ма, көрсе егер
Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!
Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,
Келешекте бір маманның иесі бол.
Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,
Дүниеден алатын сыбағаң мол!!!
Туған күнге балаға тілек

Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді!
Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын!
Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата-анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер Азаматына айналсын!
Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!
Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін.


Ұқсас тілектер:

Ілмек сөздер: Балаларға арналған тілектер, ұл балаға тілек, қыз балаға тілек, баланың туылған күніне құттықтау сөздлер, Туған күн тілек — балаға

Бөлісу: