Алтын күз сценарий балабақшада

Мақсаты: оқушылардың күз туралы білімдерін жинақтау. Өлеңдегі бейнелі сөздерді табиғат ерекшелігімен салыстыра, талдай білуге үйрету. Үйренген сөздерді күнделікті қолдана білуге жаттықтыру. Жаңа сөздермен сөздік қорын молайту. Алтын күз сценарий балабақшада

    Барысы: Алтын күз сценарий балабақшада

    Ұйымдастыру: Құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін бізде мереке, бүгін бізде той! Қандай мереке, қалай аталады деп ойлап отырған боларсыздар?
— Қазір жылдың қай мезгілі?
(оқушылар жауабы)
— Біздің мерекеміз «Алтын күз» деп аталады! Жыл мезгілінің әсем табиғаты, байлығына байланысты осындай ғажап атқа ие болған.
— Қазір табиғат көркі, айнала қандай күйге түскен?
— Сендер табиғатқа саяхат барысында не байқадыңдар?
— Сендерге күзгі табиғат ұнады ма?
Барлығымыз табиғат әсемдігі туралы суреттерді бақылай отырып, күздің бізге беретін сыиы туралы ой қозғайық. Сендер суреттерге мұқият назар аудара отырып не көргендеріңді, байқағандарыңды және адамға қандай пайдасы бар екенін айтасыңдар.
— Бидай, арпа, сұлы, көкеністер, жеміс-жидектер, ауыл халқының малға азық дайындауы, т,б
— Сендер күзге арнап қандай өлеңдер, жұмбақтар жаттадыңдар? Ендеше соған кезек берейік:

Бидай:
Мен өстім биік,
Күн көзін сүйіп.
Масағымның ішіне,
Алтын дәнді түйіп.

Нан:
Алтын масақ өсіп көп,
Нанды жеген жүрер тоқ.
Нан болмаса тірлікте,
Байлық, бақ та бірі жоқ.

Хор:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Бай дала:
Біздің дала — бай дала,
Алтын астық айнала.
Астық дала сәулеті,
Астық — Отан дәулеті.

Алма:
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырып бал дәмін.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.

Жаңғақ:
Менің атым жаңғақ,
Өсемін жер таңдап.
Аласыз көп өнім,
Қорек берсең оңдап.
Сыртым сүйек қатты,
Бірақ ішім тәтті.

Өрік:
Көкем келе бүрлеймін,
Ең алдымен гүлдеймін.
Шілде болмай пісемін,
Дастарханға түсемін.

Күз:
Алтын, алтын сары алтын,
Алтын күзде бәрі алтын.
— Балалар, сендер жұмбақ шешіп өз тапқырлықтарыңды көрсетіңдер.

Жұмбақтар:
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

Қалың киіндерсең ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

Бұтақ басында ұясы бар,
Дәл осында өмірің бар. (Бидай)

Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр. (Қызылша)

Бұйра тұлымы желмен ойнайды,
Қызыл мұрыны жерге бойлайды. (Сәбіз)

Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршаған.
Қарай-қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған. (Күнбағыс)

Қорытындылау. Алтын күз сценарий балабақшада

Дина Хайптан,
Казанка орта мектебінің мұғалімі.
Айыртау ауданы,
Солтүстік Қазақстан обылысы.


Ұқсас мақалалар:

Бөлісу: