Жігіт сұлтаны арналған сценарий

1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақ тәрбиесі — біздің қолымызда. Демек, ата тегін қадірлеу, ер жігітке жарасар «Сегіз қырлы, бір сырлы болу» ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды ұл балалардың бойына зерделеп жеткізу мақсатында, егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер, «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін сыныптың ұл балалары арасында «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізгелі отырмыз. Ендеше, бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады. Жігіт сұлтаны арналған сценарий

2-жүргізуші:
Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, сыныптастар! Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас! Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық, сайыта көңілменен қол соғайық.

1-жүргізуші:
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды.
Құттықтау сөзді сынып жетекшіге береміз.

2-жүргізуші:
Енді бүгінгі «Жігіт сұлтаны» байқауының өтілу ретімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

  1. Таныстыру;
  2. Өз өнерлерін көрсету;
  3. «Білімділер сайысы»;
  4. «Шынықсаң шымыр боласың»;
  5. «Менің жеті атам»
  6. «Мақал — сөздің мәйегі»
  7. Ұлттық «Қара жорға» биі;
  8. «Жігітке жеті өнер де аз».
  9. Марапаттау.

1-жүргізуші:
Арыстандай балалар жолын қуған,
«Баба жолын — ұлылық» деп ұғындырған.
Сұлтандарға қарасаң елестейді,
Абыройлы да айбатты Абылай хан,- деп көрермен қауым, бүгінгі сайысқа түсетін сыныбымыздың ұлдарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. (Ұлдар нөмер суырады)

2-жүргізуші:
Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін,
Сезімталмен зерегін таразылап көретін.
Таныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештің,
Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін.
Қазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың ұпайы 5-тік жүйемен белгіленеді.
Бастайық, сынайық біз тарландарын,
Сыныбымыздың сымбатты арландарын,
Таныстыру ретімен бола берсін,
Кезек күтіп дайындал, қалғандарың!- деп ұлдарды ретімен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:
Таза, мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады, — деп «Өз өнерлерін көрсету» бөлімі бойынша сайыскерлеріміздің өнерлерін байқап көрелік.

1-жүргізуші:
Өнеріміз жан-жақты,
Ұлдарымыз салмақты, — дей келе «Өз өнерлерін көрсету» бөлімі бойынша, қазылар алқасы, бағаларыңызды берсеңіздер.

2-жүргізуші: Жігіт сұлтаны арналған сценарий

Ал ұландар, бұл сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, сұраққа қымсынбай кеп,
Жауап берсеңдер, әрине, жарайсыңдар, — дей келе сайысымыздың үшінші кезеңі «Білімділер» сайысы билет түрінде.
Әділ қазылар алқасының алдынан бір сұрақтан алыңыздар. Жауабын сол жерде айтасыздар. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай.

1-жүргізуші:
Жақсы екен бата алған ағалардан,
Қазылар бұл сайысты бағалаған.
Үшінші бөлім бойынша қазылар алқасының бағаларын көрейік.

2-жүргізуші:
Әке көрген — оқ жонар,
Шеше көрген — тон пішер,
Еш қайсысы жоқ сияқты
Бір-бірінен кем түсер, — дей келе кезекті «Шынықсаң шымыр боласың» 3 кг гір тасын көтеру сайысына кезек береміз. 3 кг гір тасын кім көтере алады екен.
«Шынықсаң шымыр боласың» сайысы бойынша әділ қазылар бағаларын көрсетсін.

1-жүргізуші:
«Менің жеті атам» кезегін де қатысушылар өз жеті аталарын атып шығады.
Қорытындылауға әділ қазыларға сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші:
Келесі сайысымыз «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Бұлсайыстың шарты кім көп мақал айта алатынын анықтайды. Бір дұрыс мақалға 1 ұпай.

1-жүргізуші:

«Мақал сөздің мәйегі» бөлімін қорытындыласақ.

2-жүргізуші:
Жігітке өлең де өнер,
Өнер де өнер.
Жүйрік ат өрге салсаң өршеленер, — деп сайысымыздың келесі бөлігінде жігіттер ұлттық «қара жорға» биін қатар тұра билеп өз өнерін көрсетеді.

1-жүргізуші:
Ер ісі- ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек,- дегендей ендігі кезекте ісмерлік сайысы. Әр сайыскен өзі бізге ілгек қадап көрсетеді.
Ілгек қадау өнерін қорытындылаймыз.

2-жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жігіттері кәміл шықты,
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетсе деймін нағыз мықты, — дей келе, әділ қазылар алқасы ақылдасқанша, араларыңызда сыныбымыздың сұлу қыздары өнерін көрсетеді.

1-жүргізуші:
«Батыр болған бабамнан,
Ел қорғауды үйренген.
Ару болған анамнан,
Ар қорғауды үйренген, — деп, сұлтандарымызды ортаға шақырамыз!
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.

2-жүргізуші:
Тұяқтарың мұқалмасын,
Қанаттарың талмасын.
Жаман адам кез келмесін,
Аяқтардан шалмасын,
Жігер болсын көздеріңде,
Қатардан еш қалмаңдар.
Шат заманда, сүйікті елде, Биіктерге самғаңдар!
Жеңімпаздарды марапаттау.
Жігіт сұлтаны арналған сценарий

Мария Ерсаиновна УТЕГАЛИЕВА,
№4 ЖОББМ математика пәні мұғалімі.
Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы,
Батыс қазақстан обылысы.


Ұқсас мерекелер:

Бөлісу: