Жұлдыз жорамал 3 қазан
Жұлдыз жорамал 2 қазан

Жұлдыз жорамал 27 қыркүйек

♓ Балықтар. 27 қыркүйек ? Жұлдыз жорамал 27 қыркүйек

✨ ?? Күннің алғашқы бөлігінде өзіңізге көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз. Алдыңызға айқын әрі қиын мақсат қойып, оған жету үшін бар күшіңізді салыңыз.


♒ Суқұйғыш. 27 қыркүйек ?

✨ ?? Біраз уақыттан кейін бойыңызда көптеген қасиеттің бар екенін біліп, өзіңізді құрметтей бастайсыз. Дәл қазір ата-анаңызбен жолығып, көптен бері өзіңізді мазалап жүрген сұрақтардың жауабын алатын уақыт. Бастапқыда психологиялық тұрғыдан қатты қиналасыз. Позитивтің арқасында барлық қиындықты жеңіп, мықты бола аласыз


♑ Тауешкі. 27 қыркүйек ?

✨ ?? Жұлдыздар бғгін сіздерге жаңа адамдармен танысуға кеңес береді. Осылайша өзіңізге пайдасы тиетін адамдарды жолықтырасыз. Мұнымен қатар, бұл күндері білім алуға кеңес беріледі. Бір нәрсені түсінбей қалсаңыз, сұрауға қысылмаңыз


♏ Мерген. 27 қыркүйек ?

✨ ?? Ата-анаңыздан алдағы жоспараыңыз туралы ақыл сұрап-біліңіз. Бұл ақпарат алдағы уақытта өте қажет болуы мүмкін. Ескі суреттерді бір қарап шығыңыз, өзіңіз жақсы болып қаласыз. Мұнымен қатар, дәл қазір жалғыз қалып, миыңызды тынықтыратын уақыт.


♏ Сарышаян. 27 қыркүйек ?

✨ ? ? Бар назарыңызды оқуға/жұмысқа бағыттайсыз. Араларыңызда жасы кіші адамдар болса, соларға көмек бергеніңіз абзал. Достарыңызбен көп уақыт өткізіңіз!Сүйіктіңізді таңқалдыратын дүниелер ойлап табасыз.


♎ Таразы. 27 қыркүйек ?

✨ ?? Қызметте/оқуда өзіңіздің ерекше қасиеттеріңізді көрсетесіз. Жұлдыздар уақытыңызды үнемдеп, нақты материалдық қиындықтарды шешуіңізге кеңес береді. Көптен бері жинақталып, жаңа іс бастағыңыз келіп жүр. Ойыңызды жүзеге асыру үшін бар болғаны күн тәртібін ретке келтіргеніңіз жөн.


♍ Бикеш. 27 қыркүйек ?

✨ ?? Бүгін өз қиындықтарыңызды шешіп қана қоймай, өзгелерге көмектесесіз. Өзіңізді көптен бері мазалап жүрген сұрақтарға жауап іздегеніңіз жөн. Сезімге берілемін деп өзіңізді жоғалтып алмаңыз.


♌ Арыстан. 27 қыркүйек ?

✨ ?? Бүгін көптеген мәселелерді реттеуге құлшынысыңыз артады. Өзіңізді сағынып жүрген алыстағы ағайындарыңызға барғаныңыз абзал. Олардың сізге айтар өте жақсы жаңалығы бар.


♋ Шаян. 27 қыркүйек ?

✨ ?? Бүгін шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетесіз. Бұл жеке қызығушылығыңызға, қызметіңізге немесе оқуыңызға байланысты. Сүйіктіңізге қайтадан ғашық болғандай әсерге бөленесіз. Әріптестеріңіздің шынайы болмысына көз жеткізесіз.


♊ Егіздер. 27 қыркүйек ?

✨ ?? Күннің басында кейінге қалдырып жүрген жұмыстармен айналысуға кеңес береміз. Үй шаруасына қатысты жұмыстарды отбасыңызбен бірігіп жасаңыздар. Осылайша күшіңіз бен уақытыңызды үнемдейсіз. Кешке қарай өмірлік жарыңызды жолықтыруыңыз мүмкін.


♉ Торпақ. 27 қыркүйек ?

✨ ?? Достарыңыз көңілді отырыстарға шақырып, уақытты қызықты өткізесіз. Мұнымен қатар, сүйіктіңізбен татуласатын уақыт келген сияқты. Егер қалай татуласу керектігін білмесеңіз, ортақ достарыңыздың көмегіне жүгініңіздер. Жақсы істерге бағыт сілтейтін адамды жолықтырасыз. Сүйіктіңіз қызғанатындай жағдайға қалмаңыз.


♈ Тоқты. 27 қыркүйек ?

✨ ?? Айналаңыздағылар сізден көмек сұрап келеді. Қандай жағдай болсын, өзіңіздің пікіріңізді ашық айтпауға тырысыңыз. Күннің ортасына қарай қызметте/достар ортасында беделіңіз артады. Достарыңызға айтқан әр сөзіңізге абай болыңыз. Олардың арасында сатқында да болуы мүмкін.