Түркістан облысында 34 жолаушысы бар автобус өртеніп кетті

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы тас жолда жолаушылары бар автобус өртеніп кетті деп жазады ҚР ІІМ ТЖК

Оқиға 27-қыркүйек күні кешке болған. Сарыағаштан оңтүстік астанаға бағыт алған автобус, Алматы-Термез тас жолының 597 шақырымында өртенген.

Салонда 34 жолаушы болған. Өрт сөндіру қызметкерлері келгенше жолаушылар өз бетімен эвакуацияланған. Төтенше жағдай барысында ешкім зардап шекпеген.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды тез сөндірген.

Транспорттық көлік түгелімен жанып кеткен. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Бөлісу: