Алланың 99 есімі мағынасымен
Алланың 99 есімі мағынасымен

Алланың 99 есімі мағынасымен

Қасиетті Құран мен хадистерде Алланың көптеген есімдері аталғанымен, олардың иесі де бөлек деп ұғыну – қате түсінік. Бұл есімдердің барлығы тек Жаратушы Аллаға тән және жалғыз ғана Жаратушының барлығына куәлік етеді. Жаратқан, көркем сипат берген Иесінің есімдерін білу арқылы, адамзат баласы шексіз Алланы тани алады. Жаратушы Алла құлдарына дұғаларында Өзінің көркем есімдерін атауды бұйырған. Себебі Алланы Өзі мадақтағаннан артық ешкім де мадақтай алмасы хақ. Қасиетті Құранда: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар. Алланың атында қиғаштық істейтіндерді қойып-қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады» (А’раф сүресі, 180-аят), – делінеді. Имам әл-Бұхари Алланың 99 есімін жаттаған адамның жәннаттық болары жөнінде айтылған хадисті келтіреді. Жаратушы шексіз және оған тек Өзіне аян сансыз көркем сипат пен есімдер тән болғандықтан, Алланың көркем есімдері 99 санымен шектелмейді. Алайда хадистерден келесі 99 есімі белгілі: Алланың 99 есімі мағынасымен Алланың 99 есімі мағынасымен

Аллаһтың көркем есімідері мағынасымен

1. Алла (Аллаһ) – Әлемдердің Жаратушысы, Иесі.
2. Ар-Рахмаан – Аса рақымды, Аса мейірімді.
3. Ар-Рахиим – Мейірбан, Ерекше мейірімді.
4. Әл-Мәлик – Патша, билік Иесі.
5. Әл-Қуддуус – Аса қасиетті, Киелі.
6. Әс-Сәләәм – Бейбітшіл.
7. Әл-Мумин – Аса сенімді.
8. Әл-Муһәймин – Толық басқарушы.
9. Әл-Азииз – Үстем, Аса даңқты, құдіретті.
10. Әл-Жаббаар – Бойсұндырушы, Аса құдіретті.
Алланың 99 есімі мағынасымен

11. Әл-Мутәкәббир – Тәкаппар, Аса жоғары.
12. Әл-Хаалиқ – Жаратушы.
13. Әл-Баари – Жоқтан бар етуші.
14. Әл-Мусаууир – Бейнелеуші.
15. Әл-Ғаффар – Кешірімшіл, Аса кешірімді.
16. Әл-Қаһһар – Өктем, шексіз қаһар Иесі.
17. Әл-Уаһһаб – Сый беруші.
18. Ар-Раззақ – Ризықтандырушы.
19. Әл-Фаттах – Жеңуші, Ашушы.
20. Әл-Алиим – Бәрін Білуші.
Алланың 99 есімі мағынасымен

21. Әл-Қаабид – Тарылтушы.
22. Әл-Баасит – Кеңейтуші.
23. Әл-Хаафид – Төмендетуші, Түсіруші.
24. Ар-Раафиъ – Жоғарылатушы, Биіктетуші.
25. Әл-Муъиззу – Даңқты асырушы, жеңіс беруші.
26. Әл-Музиллу – Дәрежені төмендетуші.
27. Әс-Сәмииъу – Бәрін Естуші.
28. Әл-Басиир – Бәрін Көруші.
29. Әл-Хакам – Қазы, Төреші.
30. Әл-Адл – Әділетті.
Алланың 99 есімі мағынасымен

31. Әл-Латииф – Жұмсақ, Мейірімді.
32. Әл-Хабиир – Бәрінен Хабардар.
33. Әл-Халиим – Ұстамды, мейірімді.
34. Әл-Азиим – Ұлық, Ардақты.
35. Әл-Ғафуур – Кешіруші, Кешірімді.
36. Әш-Шәкуур – Алғыс Иесі, жақсылыққа қарымта қайтарушы.
37. Әл-Алий – Асқақ, Бәрінен Биік.
38. Әл-Кәбиир – Үлкен, Аса зор.
39. Әл-Хафииз – Сақтаушы, қорғаушы.
40. Әл-Муқиит – Қорек беруші.
41. Әл-Хасииб – Есептеуші.
42. Әл-Жәлиил – Аса ұлық, аса мәртебелі.
43. Әл-Кәриим – Аса жомарт.
44. Ар-Рақииб – Бақылаушы.
45. Әл-Мужииб – Жауап беруші, тілекті қабыл алушы.

***********************************

46. Әл-Уаасиғ – Кеңпейілді, Бәрін қамтушы.
47. Әл-Хакиим – Дана, хикмет Иесі.
48. Әл-Уадууд – Сүюші.
49. Әл-Мәжиид – Даңқты, Ұлы.
50. Әл-Баағис – Қайта Тірілтуші.
51. Әш-Шәһиид – Куәгер.
52. Әл-Хаққ – Ақиқат, Хақ.
53. Әл-Уакиил – Қамқор, Уәкілдік етуші.
54. Әл-Қауий – Қуатты, Күшті.
55. Әл-Мәтиин – Өте Берік, Мықты.
56. Әл-Уалий – Дос, Жанашыр.
57. Әл-Хамиид – Мақтаулы.
58. Әл-Мухсии – Бәрін есептеуші.
59. Әл-Мубдии – Бастаушы.
60. Әл-Муғиид – Қайтарушы.

61. Әл-Мухии – Тірілтуші.
62. Әл-Мумиит – Өлтіруші.
63. Әл-Хайй – Мәңгі Тірі.
64. Әл-Қаййум – Өздігінен Тұрушы.
65. Әл-Уаажид – Табушы, Бай.
66. Әл-Мәәжид – Игілікті, Даңқты.
67. Әл-Уаахид – Жалғыз.
68. Ас-Самад – Мұңсыз, Мұқтажсыз.
69. Әл-Қаадир – Құдіретті.
70. Әл-Муқтадир – Бәріне құдіретті.
71. Әл-Муқаддим – Алға шығарушы.
72. Әл-Муаххир – Артқа қоюшы.
73. Әл-Әууәл – Ең бірінші.
74. Әл-Аахир – Ең соңғы.
75. Аз-Зааһир – Айқын, Бәрінен жоғары тұрушы.
76. Әл-Баатин – Жасырын, Барлық нәрсені қамтушы.
77. Әл-Уаали – Әмірші.
78. Әл-Мутәәли – Бәрінен Биік.
79. Әл-Барр – Ізгі, күллі игіліктің, жомарттықтың Иесі.
80. Әт-Тәууәәб –Тәубені тез қабыл алушы.
Алланың 99 есімі мағынасымен

81. Әл-Мунтәқим – Кек қайтарушы.
82. Әл-Афуу – Ғафу Иесі, Кешірімді.
83. Ар-Раууф – Мейірбан.
84. Мәәликул-мулк – Патшалықтардың, Биліктің Патшасы, Иесі.
85. Зул-жәләли уал-икрам – Ұлылық пен Жомарттықтың Иесі.
86. Әл-Муқсит – Өте әділетті.
87. Әл-Жаамиғ – Жинаушы.
88. Әл-Ғаний – Бай, ештеңеге мұқтаж емес.
89. Әл-Муғний – Байытушы.
90. Әл-Мааниғ – Тыйым салушы, Тоқтатушы.
91. Ад-Даарр – Зияндық беруші.
92. Ән-Наафиғ – Пайда беруші.
93. Ән-Нуур – Нұр Иесі, нұрландырушы.
94. Әл-Һәәди – Туралыққа бастаушы.
95. Әл-Бәдииғ – Көркем Жаратушы.
96. Әл-Баақи – Мәңгі қалушы.
97. Әл-Уаарис – Мирасқор.
98. Ар-Рашиид – Туралыққа Нұсқаушы.
99. Ас-Сабуур – Аса сабырлы.

Ұқсас мақала:

Алланың 99 көркем есіміалланың 99 көркем есімі мағынасымен

 

Бөлісу: