Дәрет алу тәртібі видео

Дәрет — Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру үшін және жеке басы ғибадат саналатын арнайы тазалану түрі. Бұл белгілі бір мүшелерді жуу және мәсіх етуден тұрады. Дәрет — негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат. Сондықтан да Дәретсіз намаз оқып, Қағбаға тауап ете алмайды. Құранды да жалаң қолмен ұстай алмайды. Бірақ ашық тұрған Құранның бетіне қарап оқи алады. Дәреттің осы дүниелік әрі ақыреттік пайдалары көп. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда: Дәрет алу тәртібі видео

«Кімде-кім әмір етілгендей дәрет алып, әмір етілгендей намаз оқыса өткен күнәлары кешіріледі» (Бухари, Уду /28). «Кімде-кім дәрет алып, жүзін жуғанда, бет мүшелері жасаған күнәлары, аяқ-қолдарын жуғанда, сол мүшелермен жасаған күнәлары су тамшыларымен бірге ағып, өзі тап-таза болады» (Муслим, Таһарат / 32), дейді.

  1. Ниет

Дәрет алу тәртібі видео

Балақты түріп, екі қолды шынтаққа дейін сыбанып, «Ә’узу» мен «бисмиллаһты» айтып дәрет алуға іштей ниет етеді.

 

 

 

Дәрет алу тәртібі видео

 

2. Қолды жуу 

Қолды білекке дейін саусақтардың арасын және саусақтардағы сақина, жүзіктердің астына да су тигізіп жуу керек.

 

Дәрет алу тәртібі видео

 

3. Ауызды шаю

Оң қолмен үш рет су алып ауыз шайылады.

 

Дәрет алу тәртібі видео

4. Мұрынды шаю

Үш рет оң қолымен мұрынға су тартылып, сол қолымен сіңбіріледі.

 

Дәрет алу тәртібі видео

5. Бетті жуу

Маңдай мен қоса құлақ басталған тұс пен иек астына дейін үш рет бет жуылады.

 

Дәрет алу тәртібі видео

6. Оң қолды жуу

Оң қол шынтақпен қосыла үш рет жуылады.

 

 

7. Сол қолды жуу

Сол қол шынтақпен қосыла үш рет жуылады.

 

 

8. Басқа мәсіх тарту

Шынашақпен бірге үш саусақ ұшпа-ұш келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен мәсіх етіледі.

 

Дәрет алу үлгісі

9. Құлаққа мәсіх тарту

Сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен құлақтың сыртына мәсіх тартылады.

 

 

10. Мойынға мәсіх тарту

Екі қолдың сыртымен мойынға мәсіх тартылады.

 

 

11. Аяқты жуу

Оң аяқтан бастап саусақтарының арасын, тобықтарымен бірге үш мәрте жуады. Осылайша сол аяқты да жуады. Әсіресе өкше мен тобықтардың жуылуын мұқият қадағалау қажет.

 

 


12. Қолды қайта шайып дәретін тәмәмдайды.

Дәрет алудың әдебі

  1. Дәрет алған кезде құбылаға қарау;
  2. Уақыт кірмей тұрып, Дәрет алып, намазға әзір түру;
  3. Дәрет алған кезде су шашырамас үшін жоғарылау жерде болу;
  4. Дәрет алған кезде біреуден себепсіз жәрдем сұрамау. Бірақ біреу қатты қалап, құрмет етсе, әдепке теріс емес;
  5. Дәрет алған кезде кең жүзіктерін қимылдагу. Егер жүзік тар болса, қимылдатып, су кіргізу парыз;
  6. Дәретте ауыз бен мұрынға оң қолымен су алып, сол қолымен су шығару;
  7. Мойнын мәсіх ету. Кейбір кітаптарда мойынға мәсіх ету — мүстахап, мәндүп, әдеп деп айтылган;
  8. Мүшелерді жууға жетерліктей ғана су алу. Теңізде болса да суды ысырап етуден сақ болу. Себебі, суды ысырап ету — мәкрүһ;
  9. Дәрет алғаннан кейін шаһадат сөзін айту және дұға оқу. Салауат айту да сүннет;
  10. Дәрет кезінде зәру бір жағдай болмаса, сөйлеспеу. Өйткені бөгдемен сөйлескенде дұға оқи алмайды;
  11. Дәреттен артылған судан түрегеп тұрып, құбылаға қарап аздап су ішіп, «Аллаһым, мені әр күнә жасаған кезде тәубе етіп, күнәлардан бойын аулақ үстап тазарған салиқалы құлдарыңнан ет» — деп дұға ету;
  12. Дәрет алғаннан кейін екі немесе үш рет Қадір сүресін оқу;
  13. Дәреттен кейін мәкрүһ уақыт болмаса, екі рәкат нәпіл намазын оқу.

Ұқсас мақалалар:

Дәрет алу тәртібі видео әйелдерге, дәрет алу үлгісі ұлдарға фото

Бөлісу: