Жұлдыз жорамал 10 қазан

♓ Балықтар. 10 қазан ?

✨ ?? Әріптестеріңізбен көзқарастарыңыз келіспей, енсеңіз түсуі мүмкін. Аптаның екінші жартысында тың жобалармен жұмыс істеп, қыруар қаржы жұмсайсыз. Сол себепті де ақшаңызды үнемденіз. Бәрінен бұрын денсаулығыңызды күтіңіз.


♒ Суқұйғыш. 10 қазан ?

✨ ?? Кәсібіңізде абай болыңыз, әсіресе аптаның басында. Жұмыс орның ауыструға асықпаңыз. Сабыр сақтасаңыз көп келенсіздіктерден айналып өтуіңіз мүмкін. Ұзақ мерзімге жоспар құрған адамдардың айы онынан туып тұр. Жақсы көретін адамыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз.


♑ Тауешкі. 10 қазан ?

✨ ?? Әріптестеріңізбен және басшылықпен қарым -қатынастарыңыз жақсы болмайды. Жұмысыңызға зейін қойып қарағаныңыз дұрыс болады. Жобаларыңызды жүзеге асыруға біраз қаржы керек. Ол, үшін қарыз аламын деп басыңызды бәлеге ұрындыруыңыз мүмкін. Оған қоса сүйіктіңізбен тіл табысу қиынға соқпақ.


♏ Мерген. 10 қазан ?

✨ ?? Осы аптадан қалыптасып қалған салт -дәстүрді бұзыңыз. Тың ойлар туады. Оны жүзеге асыру үшін білім мен тәжірибе керек екенін ескеріңіз. Сіздің ішкі түйсігіңіз алдамайды соған сеніңіз. Сіз сеніп жүрген адамдардың ішінде сізді өз мақсатында пайдаланғысы келетіндер де бар, абай болыңыз.


♏ Сарышаян. 10 қазан ?

✨ ? ? Осы аптада жұмысыңызда қиын сұрақтардың жауабын шешуге тырысасыз. Қиын сәттерде қолдау көрсете алатын мықты ұжым құрыңыз. Сонымен қоса тың жобамен не болмаса өз ісіңізді одан әрі кеңейтуіңіз мүмкін.


♎ Таразы. 10 қазан ?

✨ ?? Апта қызықты болмақ. Бастықтармен тіл табысып, қолдауға ие боласыз. Алға қойған мақсаттарыңыз да орындалмақ. Келісім шартқа отырып, жалақыңызды алуыңыз мүмкін. Өзіңізге жұмысқа керекті заттарды алуға қолайлы уақыт. Романтикалық кеште болу мүмкін, бірақ ол өзіңізге байланысты.


♍ Бикеш. 10 қазан ?

✨ ?? Жұмысыңызды қорытындылайтын болсаңыз біраз қателік кетіріп, оны реттеуге тырысасыз. Оны реттеймін деп бәрінен де айырылуыңыз мүмкін. Жетістікке қол жеткізу қиын болмақ. Жаңа іс бастамас бұрын жақындарыңызбен ақылдасып алыңыз. Қаржы жағы қуантпайды. Қарыз алудан аулақ болыңыз.


♌ Арыстан. 10 қазан ?

✨ ?? Аптаның бірінші жартысында тың жобалармен жұмыс істейсіз. Ал, аптаның сонына қарай уақытыңызды босқа өткізіп алуыңыз да мүмкін. Арыстандар әрдайым басқалардын аяқсыз қалған жұмыстарымен жұмыс істеуден жалығып, қолын бір сілтейді. Қаржыңызды орнымен үнемдеп жұмсасаңыз біраз қиындықтардан құтыласыз. Денсаулығыңызды күтіңіз.


♋ Шаян. 10 қазан ?

✨ ?? Шешімді тез қабылдап, өз ойларыңызды халыққа жеткізе біліңіз. Мақсатыңызға жетуге беделді адамдардың да көмегі тиіп қалуы мүмкін. Сіздің іс -әрекетіңізді басқа адамдар түсінбеуі мүмкін. Сабыр сақтап алға ұмтылыңыз. Сүрініп жарақаттануыңыз да мүмкін. Абай болыңыз.


♊ Егіздер. 10 қазан ?

✨ ?? Осы аптада кәсібіңізде тың өзгерістер болуы мүмкін. Жаңа таныстарыңыздын арасында жұмысыңызға көмегі тиетін азаматардың да болуы ықтимал. Жүрек қалауын тындап, жалғыз басты адамдар өз жартыларын табуы мүмкін. Ауырдың үстімен жеңілдің астымен жүремін деп жұмысыңыздан айырылып қалмаңыз.


♉ Торпақ. 10 қазан ?

✨ ?? Осы аптада алға қойған жоспарларыңыздан бас тартпаңыз. Әр іске жауапкершілікпен қарағаныңыз абзал. Тың жобалар ұсынып, жаңа жұмысқа шақыру да мүмкін. Бірақ келіспес бұрын дұрыс-бұрысын анықтап алыңыз. Жалғыз басты торпақтарды қызықты кездесулер күтіп түр.


♈ Тоқты. 10 қазан ?

✨ ?? Осы аптада әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды ретке келтіруге тырысыңыз. Жұмысқа барыңызды салған мен көңіліңіз толмайды. Қаржыңызды үнемдеңіз. Қаржыдан қысыласыз. Жақындарыңыз сіздің қолдауыңызға зәру. Көбірек бірге болуға тырысыңыз.