Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Мадина Сәдуақасова келіндік қызметін қалай атқаратынын ашып айтты. Әнші орамалды тек қонақтар келгенде ғана тартатынын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасаған IZDEU.INFO

View this post on Instagram

Өзінің туған күнінде бірінші рет Әнуар ата-анасына бір келмей, достарымен, группаластырымен ойнап, тіпті бізді ұмытып кеткен сияқты боп сезілді… Олжас екеуміз кішкене бір түрлі болып қалдық, шын…. Туған күніңмен, ботақан! Денің сау, армандарына қол жеткізетін жан, жолың болғыш, бағы жанған , Еліңнің елеулі Азаматы бол! Бақыт тілейміз саған! 😘😘 #Әнуар5жас #АнуартайАманБолсын Фото: @pcdpro

A post shared by Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina) on

Қазақи отбасыға келін болған Сәдуақасова жанұясында ұлттық салт-дәстүрлер міндетті түрде сақталатынын алға тартты.

«Қазіргі де отбасым қазақи, міндетті түрде, қонақ шақырған кезде орамал тағамыз. Оны жасырмаймын, күнделікті мамамның, енемнің алдында орамал тағамын деп айтпаймын. Бірақ, орамал тағылады. Міндетті түрде сәлем саламыз, шәй құямыз» , — деп ағынан жарылды өнер иесі.

Айта кетейік, Мадина Сәдуақасова үшін бұл екінші неке. Әншінің күйеуі Олжас отандық телеарналардың бірінде режиссер болып қызмет атқарады. Ерлі-зайыптылардың ұлы бар.

Бүған дейін жас қыздардың келін атануға дайын еместігі жөнінде Шахизада айтқан болатын.

Бөлісу: