Әміренің ізімен: Эйфель мұнарасының жанында күй тартқан қазақ жігіті шетелідктерді сүйсіндірді

Әміренің ізімен: Эйфель мұнарасының жанында күй тартқан қазақ жігіті шетелідктерді сүйсіндірді 

Қазақстандық вайнер Жансерік Қадырбаев Instagram желісіндегі парақшасында Парижде күй тартқан әріптесі Ербол Хамзаның видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеоны қазақстандық жігіттер Эйфель мұнарасының жанында түсірген. Үстіне көк туды жамылып Құрманғазының күйі «Балбырауынды» тартқан қазақ жігіті туристердің ықыласына  бөленді.

Бір жерге бара жатқан адамдар домбыраның дауысын естіп, Ербол Хамзаның жанына келіп тоқтады. Отандасымызды қоршап алған шетелдіктер күйді аяғына дейін тыңдап, өнеріне тәнті болғанын жасырмады. Қол шапалақтап, ризашылықтарын білдірді. Ербол Хамзаның өзі күй тартқанда ерекше күйге бөленгенін айтты.

Бөлісу: