Әлемге танылған алматылық Джокердің суреті боялмайтын болды

Алматы қалсы Мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев оңтүстік астана тұрғындарына шетелге танымал болған Джокердің бейнесін боямаймыз деп уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құрмашев тұрғындар үшін өзінің Instagram парақшасында видеоүндеу жариялады. Ол жұмыс авторларымен кездескен соң, суретшілер мен қала билігі өзара түсініскенін хабарлаған.

«Шын мәнісінде кеше болған жағдай — таза түсініспеушілік», — деді Құрмашев.

Шенеуніктің сөзінше, суретті бояу ешкімнің ойында болмаған. Ол билік өнердің мұндай түрін қолдайды және оны дамытуға ниетті деп атап өтті.

Құрмашев өз үндеуін Алматыдағы заманауи өнер галереясында тұрып жасаған.

Айта кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде Алматыдағы бірнеше арт-нысандар жөнделеді және қабырғаға салынған суреттер боялады деген хабар тарады. Оның ішінде әлемге танымал болған Джокердің де бейнесі бар болған.

Бөлісу: