Үндістан тұрғыны 20 жыл бойы топырақты тонналап жесе де аман қалды

Үндістан тұрғыны 20 жылдан бері күніне бір килограмнан аса топырақ жеп үйреніп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үндістанның Андхра-Прадеш штатының тұрғыны Нукала Котешвара Рао 28 жасынан бері топырақ жеуге әуестенген. Айтуынша, ол кейбір кездері, тіпті, қарапайым тағамнан бас тартып, тек қана топырақпен қоректенеді екен. Раоның сөзінше, тамақ қабылдаудың мұндай әдеті оның денсаулығына еш зиянын тигізбепті.

Топырақ жеу әлемде кең тараған. Мысалы, Габон, Камерун және Гвинее тұрғындары топырақты тағам ретінде кеңінен пайдаланатын көрінеді. Топырақ жеу ғылымда геофагия деп аталады. Тағы бір мысал ретінде, Индонезияның ампо тағамын келтіруге болады. Бұл ас күріш алқабының топырағынан әзірленеді екен. Топырақ жеу кей кездері жүкті әйелдердің арасында да байқалады.

Бөлісу: