Египетте жануарлардың мумиясы көпшілік назарына ұсынылды

Египетте жануарлардың мумиясы көпшілік назарына ұсынылды

Египет билігі өткен жылы Каирдің оңтүстігінде табылған жануарлар мумиясын көпшілік назарына ұсынды. Олардың арасында мысықтар, қолтырауындар мен  құстардың мумиялары бар. Археологтардың айтуынша, мумияланған ең ірі 5 мысықты рентгеннен өткізу кезінде олардың шын мәнісінде арыстанның күшіктері екені анықталған. Жалпы мумиялардан бөлек мамандар қазба жұмыстары барысында үй жануарларының ағаш пен қоладан жасалған 75 мүсінін тауыпты. Зерттеушілер олардың барлығын Мысырда 2700 жылдай билік құрған фараондардың 26-династиясы дәуіріне жатқызып отыр.

Бөлісу: