«Хан Шатыр» сауда үйінің бутиктерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді.

Өрт туралы хабар желтоқсанның 14-і таңғы сағат 06.23 уақытында түскен. Өрт сөндірушілер келгенде бірінші қабаттағы «Climber» бутигі жанып жатты.

«Өрт сөндірушілер бірден іске кірісіп, тілсіз жаудың алдын орауға тырысты. Нәтижесінде 06.44-те өрт сөндіріліп, 6.48-де бес шаршы метр жер толығымен апат жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт сөндіру үшін жеке құрамнан 32 адам және 8 техника жұмылдырылды», — деп баяндалады хабарламада.