Австралияның Брисберн қаласында келесі жылдан бастап жаңа оқу орнында қыздар мен ұлдар ортақ дәретхананы қолданантын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Fortitude Valley мемлекеттік колледжі қыздар мен ұлдарға арналған ортақ дәретхана ашпақшы болған алғашқы ұйым ретінде әлемге танылды. Алайда мекеме басшылығының бұл бастамасы ата-аналар мен сарапшылардың жаппай сынына ұшырады.

Австралияның білім министрлігі дәретхана туралы  ақпаратты растады. Айтуларынша, колледжде орналасқан ортақ дәретхананы қыздар мен ұлдар теңдей қолданатын болады деп жоспарлануда. Оқу орнынының киім ауыстыратын бөлмеде орналасқан әжетханалар ғана ерлер мен әйелдерге болып бөлініпті. Бұған қоса министрлік қызметкерлері дәретхана құрылысына 80 миллион теңге жұмсалғанын айтты.

Әрбір әжетханада жеке-жеке қолжуғышы мен іштен бекітілетін 12 бөлме орналасытырылады. Бұлардың ішінде мүгедектерге арналған арнайы жабдықтар да бар көрінеді.

Ұлдар мен қыздар ортақ дәретхана бөлмесін қолданатын болады

Дегенмен бұл бастаманы тәуелсіз сарапшы Мишель Митчелл ақылға қонымсыз деп атады.

«Мектеп әжетханаларында балалар ұятсыз жайттарға баратыны айтпаса да белгілі. Оқушылардың бірін-бірі қорлауы, мазақтап видеоға түсіруі, жыныстық қатынас тағысы тағы бар. Ал бұл жағдай нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз», — деді маман.

Алайда жергілікті білім департаменті бұл бастаманы заман талабы деп атап, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ екендігін жеткізді.

«Fortitude Valley  колледжіндегі дәретханалар заманауи стандарттарға жай жабдықталған. Әжетхана құрылысында барлық тәртіптер сақталып, барлығы да студенттердің ыңғайына сай құрастырылған», — деді департаменттің баспасөз-хатшысы.

Ұлдар мен қыздар ортақ дәретхана бөлмесін қолданатын болады

Тағы бір сарапшы Джаррод Блейджидің айтуынша, бұл жағдайдың арты үлкен дауға ұласуы мүмкін.

«Колледждегі ұлдар мен қыздардың жеке өміріне қол сұғылмауы қажет. Оқу орындарында басқа да көңіл бөлуге тұрарлық мәселе жетерлік, дегенмен білім басқармасы дәретхана жағдайын үлкен дауға айналдыруын жөн көріпті», — деді сарапшы.

Әлеуметтік желі қолданушылары да ортақ әжетхананы қолдану туралы шешімге байланысты өз наразылықтарын білдіріді.

«Білім берудің басқа да мәселелерді қолға алудың орнына, біз жоқ жерден тағы бір дау туғызып отырмыз. Жас жігіттер мен қыздардың жеке өміріне, жеке кеңістігіне қол сұғылмау шарт», — деп жазыпты желі қолданушылардың бірі.

«Мен өз баламды мұндай жерге оқуға үзілді-кесілді жібермейтін едім. Әсіресе, қыз балалардың аналарына бұл жағдай қалай тиетінін тіпті елестете алмаймын. Оның үстіне кәмелетке толмаған балалардың арасында зорлау, күштеп жыныстық қатынасқа тарту мәселелері өршігіп тұр», — деді тағы бір әлеуметтік желі пайдаланушысы.

Бірақ бұлардың қатарында түймедей нәрсені түйедей еттіңдер дегендер де табылыпты.

Өз кезегінде колледж басшылығы ерлер мен әйелдердің ортақ дәретхананы пайдалануы әлемде қолданысқа ие тәжірибе екендігін айтты. Олар мысал ретінде мүгедектерге арналған дәретхананы келтірді. Сөздерінше, көп уақыттан бері мүгедек азаматтар осы уақытқа дейін бір әжетхананы қолданып жүргені жаңалық емес. Бұған қоса жастар үшін бұл жағдай таңқаларлық жайт болмайтындығын қосты.

Дәретхана мәселесі елімізде де өршігіп тұр. Бірнеше апта бұрын Тараз қаласында мектептегі дәретханада қыз бала зорланып, оқиғаға байланысты Тараз қаласының әкімін қосқанда бірнеше шенеунік қызметтерінен шеттетілген еді. Бұл мәселе үлкен дауға ұласып, мектеп мұғалымдері дәретхананы күзетпегені үшін тұтқындалып жатты.

Бұған қоса елімізде жол жиегіне әрқайсысы 23 млн теңге болатын 304 дәретхана салынатыны айтылды.