Қарғыба өзеніне реферат

Қарғыба өзеніне гидрологиялық бақылаулар жасау

Қарғыба – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Құмкөл әкімшілігіне қарасты елді мекеннің және Тарбағатай тауынан бастау алатын өзеннің атауы. Қарғыба атауы туралы бірнеше деректер кездеседі.

  1. Қарғыба – «қара бұға» деген балықтың атауы болуы мүмкін.
  2. Қара бұға — Кетбұға, Сасыбұға сияқты кісі есіміне байланысты болуы да мүмкін. Бұл менің өз ойым, өйткені Тарбағатай тауында «Көк бұқа» деген жер кездеседі. Үлкендердің айтуы бойынша ол кісі есімі.
  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Қарғыба» сөзі «Қарғын» — сай саладан, жылғалардан аққан жаңбыр немесе еріген қар суы, «Ва» — өзен деген мағына береді. Яғни ағыны қатты тау өзені дегенді білдіреді.
  4. «Қара бұғы» — дәрілік өсімдік аты . Қазір бұл өлкеде мұндай өсімдік кездеспейді, сондықтан ол қисынға келмейді.

Осы деректердің ішінен Қарғыба – ағыны қатты тау өзені дегенге шындыққа жанасатын сияқты. Өйткені өзен Тарбағатай тауының биік нүктесінен бастау алып, қар, жаңбыр суларымен молайып ағыны қатая түседі. Оған дәлел Тана Мырзаның «Қарғыба» атты өлеңі былай деп басталады:

Өзенім қатты екпінің,

Өзіңе тартқан тектімін.

Саған ұқсап тасымай,

Ішімнен тынған кектімін , яғни ХІХ ғасырда өмір сүрген аадамдардың айтуына қарағанда, өзеннің екпіні қатты болған, қазіргі кезде егіншілікке байланысты өзен суы арық-каналдарға бөлінеді де, ауылға жетпей екпіні азайып қалады. Оның үстіне су жағасына өсетін талдар мен шіліктер жоқтың қасы. Сондықтан су қоры азайған, ал тасыған кездегі көрінісі атына сай келеді. Қарғыба өңірінің тарихы сонау ерте темір дәуірінде өмір сүрген сақ-үйсін тайпалары кезеңінен белгілі.

Түркі дәуіріне дейінгі кезеңде Тарбағатай, Алтай, Жетісу жерінде үйсін тайпалық бірлестігіне қарасты көптеген тарихи деректер, ескерткіштер көптеп кездеседі. Қытай тарихшысы Су Фейхейдің үйсіннің солтүстік шекарасы Алтай тауының күнгейіндегі Тарбағатай тауы екенін жазады. «Батыс карта шежіресінде» де Тарбағатай үйсіндердің шекарасы деген тұжырымын ескере отырып дәлелдеген.

Қарғыба өзенінің географиялық орны, Аңғары мен арнасы, Ауыл шаруашылықта маңызы

Қарғыба өзені Тарбағатай тауының ең биік жерлерінен басталып солтүстікке қарай ағады. Өзеннің бастауы екі жерден басталып Лагерге жеткенде шамамен 20-22 км кейін қосылады да өзен суы молаяды. Лагерден құлдай су ағыны қатты болып ағып, өзен аңғары тарлау және терең болып 5 км дей ағады. Өзен Лагерден Қарғыба ауылына дейін 20 км, Қарғыба ауылан кейін бірнеше шағын ауылдарды басып Зайсан көліне қарай бағыт алады. Тарбағатайдың солтүстік етегі жазық қырлы болғандықтан Қарғыбаның суын егістікке қолданады. Жалпы суармалы егістік мөлшері 1000 га дан астам. Топырағы сары керіш топырақ.  Өзен Қарғыба ауылына жетпей 7-9 км ден бастап шилі жазық басталады. Топырағы қара топырақ. Өзен суының тереңдігі Лагерде 80 см, ені 30 м болады. Қарғыба ауылына жеткенде тереңдігі 40 см ге азайып, ені 20-25 м ге қысқарады. Қарғыба өзенінің суы көктемде Зайсан көліне дейін жетіп құяды. Жазда азайып күзде егістік аяқталғанда қайтадан молаяды. 2010 жылы наурыздың басында күрт күн ысып өзен суы тасып, Қарғыбаның көпірін құлатып кеткен. Су деңгейі 3 метрге дейін көтерілді. Осындай су тасығанда ауылдың бір үйіне су жайылған жоқ, мысалы сол жылы Тарбағатайда Базар өзені тасып екі бірдей ауыл суға кеткен еді. Көкжыраның 200 дей үйі, Жәнтікейдің 100 ден астам үйі суға кеткен еді. Ал Қарғыба  ауылының суға кетпеген себебі, өзен аңғары өте кең. Қазірге кезде су аз болғанымен, өзеннің ескі аңғары үлкен, кең болған. Өзенге көктемде су тасыған уақытта Зайсан көлінен өрлеп балықтар келеді.

Қарғыба өзені рефератты жүктеу